4 ақпан күні колледж кітапханашысы А.Қ. Көпболсынова және өзін- өзі тану оқытушылары Ф.К.Иштаева, Д.Е.Мазгутовалардың ұйымдастыруымен «Өзін- өзі тану» рухани- адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаева қызметіне арналған, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог гуманистердің шығармаларының көрмесі өтті, оған 1-3 студенттері зор ықласпен қатысты. Өзін- өзі тану пәні оытушысы Ф.К.Иштаева көрме барысында С.А. Назарбаеваның Өзін- өзі тану маржандары атты кітабымен және Абай атамыздың журналдарына және Өзін- өзі тану журналдарына шолу жасады. Слайдтар арқылы студенттерге пәннің мақсат міндеттері және бұл пән ретінде өз- өзіңді түсінуге, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге, қоғамның ажырамас бір бөлшегі болуға мүмкіндік беретіндігі туралы айтылып өтті. Шара соңында «Бақыт шамы» атты тренингі арқылы студенттер оқытушылармен бірге не үшін бақытты екендіктерін және бір- біріне бақыт тілектерін жолдады.