ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Салт-дәстүр асыл қазынам»

08.11. күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің «Достық» еріктілер клубы және «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш бөлімшесінің белсенді студенттері Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасындажасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Джумагазиева Бибігүл Айткалиевна және «Шабыт шығармашылығының» ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр асыл қазынам» тақырыбы бойынша жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттауға арналған этно-мәдени танымдық шарасына қатысты.Кештің мақсаты: қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары өте көп. Ата-бабаларымыздан сақталып қалған салт-дәстүрдің тарихын, мән-мағынасын терең зерттеп, халқымызың салт-санасында алатын орнын айқындау, ұрпаққа паш ету. Бибігүл Айткалиевна шараға қатысқандарға ата-бабаларымыздан қалған ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын балаларға арналған қазақ фильмдермен, мультфильмдермен, суретті кітаптармен, бейнетаспалармен, электронды кітапшалармен таныстырды. Осындай тәлімі мол шараға қатысқан студенттер және ұстаздар қауымы ұмытылып қалған салт-дәстүрлердің тарихын, құндылығын танып, жақсы әсер алды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.