07.11. күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжіне Жастар саясат мәселесі «Жас Отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баян Қонаровнаның ұйымдастыруымен «Өмірімнің бақытты сәті» атты арт-терапия оздырылды. Арт-терапияға 1-4 курс студенттері арасынан 25 студент қатысты. Іс-шараның мақсаты – өз – өзін көрсету, өзіндік тәжірибені кеңейту, жеке тұлғаның ішкі интеграциялануы (әртүрлі оның аспектілерін және компоненттерін) және сыртқы ортамен интеграциялануы (әлеуметтік, этникалық, мәдени). Басты міндет студенттерге сурет салуға емес, сурет салу арқылы сыртқа шығара алмайтын эмоцияларын (ол айта алмайтын), өз мәселелерін жеңу, шығармашылық энергияны шығару. Арт-терапия 5 топтан құрылып, әр топқа тапсырмалар берілді. 1-топқа отбасы туралы суретті әйнекке түсіріп, шағылысқан суретті басқа суретке өзгерту туралы тренинг берілсе, 2-топқа фьетр матасынан әр түрлі кескінде аппликаттар шығару болды. 3-топқа әр түрлі түсті таяқшалардан «Отбасы» деген сөздің түсінігін ашу болды. Арт-терапия соңында қатысушы студенттер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетіп, Баян Қонаровна нәтижелерін атап өтті. Студенттер арт-терапия жұмысынан алған әсерлерімен бөлісіп, болашақта осындай жұмыстарға жиі қатысып тұратындарын айтты.