ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Батыс Қазақстан облысында волонтерлік қызметін ұйымдастыру негіздері» атты семинар-тренинг

 

18.10 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі менеджері А.А.Алиева «Жайық Пресс» медиахолдинг орталығында Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Батыс Қазақстан облысында азаматтық сектор әлеуетін арттыру және қоғамдық сананы жаңғырту бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында өткен «Батыс Қазақстан облысында волонтерлік қызметін ұйымдастыру негіздері» атты семинар-тренингке қатысты. Семинардың мақсаты: Қазақстандағы волонтерлік мəселесін дамыту, үлес қосу. Жиын барысында qazvolotures.kz сайтына тіркелу арқылы заңдармен таныстырылды. 2 кезеңді Алматы қаласының белсенді менторы Дастан Аққожа жүргізді. Волонтерлік қызмет бірнеше бағыттардан тұратындығы, яғни олар: спорттық, мәдени, экологиялық, ивент, корпоративті, төтенше, медиа, білім, әлеуметтік бағыттарды қамтитындығын атап өтті. Мектеп жасынан бастап волонтерліктің дамуын мойындау жəне колледж, университетте оқып жүріп волонтерлікпен айналысатындарға қолдау көрсету керектігін көрсетті. Тендер өткізу процесінде əлеуметтік тапсырыс ретінде волонтерлікті дамытуды қосу. БАҚ пайдалана отырып Қазақстан бойынша əлеуметтік жарнама жасау жəне оған қолдау көрсету. Орталық Азиялық немесе халықаралық волонтерлермен алмасу бағдарламасын жүзеге асыру туралы жоспарлармен таныстырды.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.