ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Батыс – Азимут 2019» ашық жарысы

02-04.10 күндері аралығында «Евразия туризм және сауықтыру орталығында» спорттық бағдарлаудан облыстық «Батыс – Азимут 2019» ашық жарысы өтті. Жарысқа Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А.Қ.Виктордың жетекшілігімен «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері Серікұлы Ерасыл (1а КШФ), Мырзагелдіұлы Оралбек (1а КШФ), Жеңісов Азат (2а КШФ), Әділгереев Артур (2а КШФ), Есқалиев Рустем (2а КШФ), Салжекенова Салтанат (2а КШФ), Сапар Аида 2а КШФ, Исаков Адильбек (3б КШФ), Сдиков Тимур (3б КШФ) қатысты. Жарыстың бірінші күні «Батыс – Азимут 2019» облыстық ашық жарысының ашылу салтанатында туризм саласының үздігі В.П.Фомин сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ары қарай «Орта» қашықтықтан, екінші күні «Ұзақ» қашықтықтан, үшінші күні «Спринт» қашықтығынан жарыс оздырылды. Нәтижесінде «Орта» қашықтықтан Жеңісов Азат (2а КШФ) ІІ орын , «Ұзақ» қашықтықтан Серікұлы Ерасыл(1а КШФ) ІІ орын, «Спринт» қашықтығынан Серікұлы Ерасыл (1а КШФ) І орын, Жеңісов Азат ІІ орын иеленді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.