ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту жағдайындағы жалпы білім беретін пән оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі» атты екі апталық біліктілікті арттыру курсы оздырылды

27 қыркүйек күні «Жоғары аграрлық-техникалық» колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту жағдайындағы жалпы білім беретін пән оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі» атты екі апталық біліктілікті арттыру курсы оздырылды. Курсты Орал гуманитарлық-техникалық колледжінен «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары К.К.Қосбаева, Л.А.Нагимова, А.А.Алиевалар оқыды. Тренеріміз Бахтиярова Рысканым Жолболсыновна-жаңа бағдарламаны меңгеру барысында мына әдіс-тәсілдердің: «Галереяны шарлау», «Хан жарлығы», «Ыстық орындық», «Серпілген сауал», «Сана саяжолы», «9 ромб», «5 қадам», «Жылдам дебат» әдісі, «ПОПС» әдісі, «Форум» әдісі, графикалық органайзерлер – «Балық қаңқасы», «Қос диаграмма», «Жылқы сұлбасы», «Хикаят картасы», «Эмоция кестесі», «Тұжырымдамалық карта», «Уақыт тізбегі», «Өрмекші торы», «Торлы диограмма», т.б. сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті төрт дағдыны қалыптастыруға ерекше ықпал ететінін айтып, үйретті. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен, ұлы ағартушы Шоқан Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген. Азат, тәуелсіз мемлекетпіз, енді жүйелі білім беру міндеті ғана тұр. Бұл міндетті абыроймен атқару үшін күні-түні іздену, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша мектеп өміріне ендіру – ұстаздар үшін парыз.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.