ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Жастар – ел болашағы» атты рухани бағыттағы дөңгелек үстел

26 қыркүйек күні колледжімізде Орал қаласының менторы Әбілқас Мержан Завушұлының кездесуімен өткен «Жастар – ел болашағы» атты рухани бағыттағы дөңгелек үстел оздырылды. Шараның мақсаты: студент жастарымыздың белсенділік қабілетін арттыра отырып, болашаққа қазірден бастап мақсат қоя білуге ұмтылдыру. Жиын барысында Мержан Завушұлы студенттеріміздің қаншалықты деңгейде жоспар құра алатындықтарын байқау үшін, арнайы психологиялық тренинг ұйымдастырды. Тренинг соңында «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығында білім алатын 2а КШФ топ студенттері, «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш бөлімшесінің белсенділері Ескалиев Рүстем және Қуанова Диана болашақта өздерінің арман-мақсаттарымен бөлісіп «Мен кіммін?», «Өмірдегі орным қандай?» деген сауалдарға өзіндік ой-пікір білдірді. Семинар-тренинг қатысушы студенттеріміздің көңілінен шыққандығын байқатты. Жиын соңында ментор Мержан Завушұлы «Өз-өзіне деген сенімділік өте маңызды. Қандай да бір істі орындай алатынына немесе алдына қойған мақсатына жете алатындығына, жетістікке жететініне сену осы жолдағы ең әсерлі күш-жігер беретін мотивация» деп студенттерімізге сәттілік тіледі.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.