08.09.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің жастар ісі менеджері А.А.Алиева және студенттік өзін-өзі басқару ұйымы бірлесіп «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры Курумбаев Айболат Шамұратұлының ұйымдастыруымен өткен «Жайық Пресс» мекемесінде оздырылған «Жастар арасындағы әлеуметтік жоба» атты семинар-тренингке қатысты. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты: жастарды еріктілер ұйымына белсенді болуға шақыру, жоба жазып оны жүзеге асырудың жолдарын үйрету. Семинар-тренинг 08.00-17.00 уақыт аралығында оздырылды. ЗУБР атты әлеуметтік жобада бірнеше тренингтер, топпен жұмыс, логикалық сұрақтар, өзін-өзі дамытуға қатысты барлық жағдайлармен жұмыс жүргізілді. «Табысты әлеуметтік жобаны қалай құру керек?» деген сұраққа түрлі бағыттар бойынша жұмыс іске асты. 4 топқа белгілі бір тақырып таңдап сол бойынша жоба ойластыру туралы тапсырма берілді. Тапсырмаға 5 минут уақыт берілді. Мысалы: 5 минут уақыт аралығында әр топтан 4 мұнара құрастырылу керек болды. Мұнара құрастырған топтар оның биіктігін, көркемдігін, түрін, көлемін топ басшылары сипаттады. Жоба талдауда әр түрлі (смета, фандрайзинг,донор) теориялар атап өтілді. Сонымен қатар, семинар-тренингке қатысушыларға арналған кофе-брейк ұсынылды. Семинар соңында әркім өзіне алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, сертификаттармен марапатталды.