ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» атты айлығының ашылу салтанаты

09.09.2019 Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қазақ, орыс тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» атты айлығының ашылу салтанаты оздырылды. Айлықтың басты мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді  жолдарын айқындау, әдеби тілде сөздік қорын дамытуға баулу. Жиында «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінде білім алатын  1-4 курс студент жастары өлең шумақтарын жырлады. Жиын барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы К.К.Қосбаева айлықтың жоспарымен таныстырып, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заң» 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданғандығы туралы мәліметтер атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге арналған «5 мақал, 5 бауырсақ» атты акция ұйымдастырылды. Акцияға барлық студенттер ат салысты. Жиында «Музыкалық білім беру» мамандығының 4бКШМ топ студенттері «Жаса, Қазақстан» әні шырқады. Жиын соңында колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаева сөз сөйлеп, барлық әріптестерге сәттілік тілеп, студенттерге жылы лебізін білдірді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.