05.09.2019 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 курс студенттері арасында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты дөңгелек үстел оздырылды. Шараға терапевт-педиатр Салимова Нэля Уйратовна қонақ ретінде шақырылып, әр түрлі қоғамға зиян аурулардың алдын алу туралы, үнемі тексерістен өтіп тұру қажет екендігін, азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.
Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасатындығы туралы атап сол жөнінде бейнебаяндар көрсетілді. Шараның мақсаты: адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болу. Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек? деген сұраққа «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1 курс студенті Кульсатов Еламан «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Cпорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Ол денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар мінезді тәрбиелеп, ерік-жігерді шынықтырып, қиындықтарды жеңуге көмектеседі» деп жауап берді. Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр. Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастар көп болу қажет.