2019-2020 оқу жылының алғашқы күні Тәуелсіз еліміз Қазақстан болашағы барша халықтың дәстүрлі мейрамына айналған 1 қыркүйек - Білім күні «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиынмен ашылды. Күні кеше ғана 30 тамыз күні «Айбарлы асқар елді асқақтатар - Ата Заң» Қазақстан Республикасының Конституция күні атап өтілді. Ата Заңымыз осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған болатын. Салтанатты жиынға тек студенттер ғана емес, еңбек ардагерлері, колледждің ардагер ұстаздары, зейнеткерлері, «Анатомия, химия биология» пәндерінен дәріс берген, еңбек ардагері Нұғыманов Максим Капалович, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндерінен дәріс берген, еңбек ардагерлері Кальченко Ирина Константиновна мен Бигалиева Жұмағаным Сундетовна құрметті қонақ ретінде қатыстырылды.
Салтанатты шара барысында колледж әкімшілігі Л.А.Нагимоваға 1аКШК тобын, Б.М.Куспановаға 1а КШФ тобын және А.Б.Кужахметоваға 1аРШФ топтарын жетекшілік етуді тапсырды. Білім ордасының кілтін колледжінің атқарушы директоры Утарбаева Ляззат Жетебаевна қабылдау емтиханында жоғары 41 балл жинаған «Дене тәрбиесі пәні мұғалімі» біліктілігінің 1аКШФ тобының студенті Кульсатов Еламанға және 40 балл жинаған «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 1 курс студенті Маратова Дильназға салтанатты түрде тапсырды.