29.04.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 1-мамыр бірлік күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты тақырыпта оздырылған мерекелік шара өтті. Шара үш тілде жүргізілді. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Мерекелік шара «Достық фестивалі», «Бірлік флэш мобы», колледждің студент әртістерінен, жас қаламгерлеріміздің мәнерлеп оқуларынан құрылды. Кеш соңында колледж атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаеваға сөз кезегі ұсынылды.