ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

WorldSkills Oral – 2019 аймақтық чемпионаты

2014 жылы Қазақстан мақсаты дүниежүзі бойынша кәсіби дайындық және біліктілік стандарттарының деңгейін көтеру, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын дүниежүзілік WorldSkills International - халықаралық қозғалысына мүше болып кірді.

24 - 26 сәуір аралығында WorldSkills Oral – 2019 аймақтық чемпионаты басталды. Колледж студенттері мен кәсіпорындардың 18-22 жас аралығындағы жас мамандары арасында түрлі құзыреттіліктер бойынша бақ сынады.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша жарыс 23 - 25 сәуір аралығында қаламыздың №50 «Заңғар» бөбекжайы базасында өткізіледі. Осы құзыреттілік бойынша колледжімізден 4 студент: Тұрсынова Айгерім Арманқызы, Қуандықова Рамила Ерболатқызы, Шайдуллиева Дина Исатаевна, Арыстанғали Шынар Құмарқызы сайысқа түсті.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Тұрсынова Айгерім, 3-орынды Қуандықова Рамила, «Үздік маман» номинациясын Шайдуллиева Дина қанжығалады. Тұрсынова Айгерім - WorldSkills Kazakhstan - 2019 ұлттық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.