Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде 2019 жылдың 20 - наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты 22-наурыз мейрамына арналған ауқымды мерекелік кеш оздырылды. Мерекелік кешке колледж құрылтайшысы Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы және атқарушы директор Утарбаева Ляззат Жетебаевна, колледж ұстаздар ұжымы, сонымен қатар, барлық 1-4 курс студенттері қатысты. Мерекеміздің алғашқы әсем бастауын көктемнің жайма-шуақ нұрын келтіретін Күн-Ана, Түн-Ана, Көктем-Ана және оттың киелi қасиетiне сенуден пайда болған аластау рәсімін бастаған Жер-Анамен қарсы алдық. Шараның басты идеясы, әр ұлттың салт-дәстүрін, тағамдарын, ұлттық киімдерін, өнерін насихаттау болды. Колледжіміздің студенттері мамандықтарға бөлініп, қазақ, орыс, кәріс, татар, тәжік, өзбек, ұйғыр, дұңған, украин, әзірбайжан сияқты ұлт өкілдерінің өнерін сомдады. Кеш соңында колледж құрылтайшысы Ш.Х.Құрманалина және атқарушы директоры Л.Ж.Утарбаеваға сөз кезегі ұсынылды.