ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Өзін-өзі тану пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен, «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанаты ұйымдастырылды

01.02.19 күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде өзін-өзі тану пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен, «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – колледж студенттерінің бойына кешірімділік, татулық, бірлік, бір-біріне қиянат жасамау қасиеттерін сіңіру, шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту, жүректерін мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа толы болуға тәрбиелеу. Аталмыш шараға колледжіміздің әр мамандық саласында оқитын, соның ішінде 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0111000 «Негізгі орта білім беру», 0108000 «Музыкалық білім беру», 0107000 «Технология» мамандығында білім алатын тағы да басқа топ студенттері белсене қатысты. Ашылу салтанаты барысында студенттермен «тыныштық сәті», «айнаға қарап өзіңе жағымды сөз айту» тренингі, бейнероликтерді талдау, әуенді сергіту сәті және хормен Құрмаш Махановтың «Мейірімді болайықшы, бауырлар» атты әні орындалды. Рефлексия бөлімінде студенттермен «еркін микрофон» арқылы осы шарадан, тамашалаған бейнероликтен алған әсерлері, қазіргі кездегі адами құндылықтар рөлі жөнінде талдау, пікір алмасу өтті және студенттер еркін өз ойларын білдірді.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.