ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Тәрбие бастауы - отбасынан» тақырыбында ата-аналар жиналысы

3 қараша 2018 жылы «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 1а КШИ тобында «Тәрбие бастауы - отбасынан» тақырыбында ата-аналар жиналысы болды. Күн тәртібінде қаралған мәселе:

1. І аралық бақылау  қорытындысы.

2. Ата-аналар кеңесі мүшелерін сайлау

3. Топ ішіндегі басқа да мәселелер

Жиналысқа топтың 25 студентінің 19 ата-анасы қатысты. 

 

Жиналыс 2 бөлімнен құралды. 1 бөлімде ата-аналарға студенттердің ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды, студенттер М. Сәрсен мен Д. Амангельдина жүргізушілік қабілеттерін  көрсетсе, облыстық «Ақберен» ақындар мектебінің шәкірті И. Рахимова шығармашылығынан және  А. Сәдуақасова , С. Аралбай әке, ана туралы өлеңдерді  мәнерлеп оқыды. Топтың әншісі М. Кумаргалиева "Алтын бесік» әнін нақышына келтіріп орындады.  Сонымен бірге, ата-аналар топтың  мың бұралған бишілерінің «Тұран» биі мен жастардың заманауи үлгідегі  флешмобын тамашалады. Концерттік бағдарламаны  студенттер «Әке -Ана» әнімен аяқтады.

Жиналыстың 2 бөлімінде топ жетекшісі К.К. Косбаева 1а КШИ тобы құрамымен таныстырып, 1 аралық бақылау қорытындысы бойынша топта 4 үздік, 21 оқу екпіндісі бар екенін, білім сапасы-96 %, оқу үлгерімі-96%, орта балл-4,2 екеніне тоқталып, жергілікті бюджет есебінен оқып жатқан студенттердің  ішінде 1студенттің (А.Ермекова) «Дене тәрбиесі» пәнінен бағаланбағандығын хабарлады. Сонымен қатар, топ жетекшісі ата-аналарға балалардың  сабаққа қатысы, киім үлгісі, колледжішілік тәртіп барысы, кәмелеттік жасқа толмағандықтан, кешкі сағат 23.00-ден  кейін ата-анасыз көшеде  жүругеболмайтындығы туралы мәлімдеді.

Сонымен қатар, ата-аналар жиналысына колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Жолдасова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.А.Нагимова, колледж психологы Б. мен колледж  медбикесі Н.Каусова, «Қазақстан тарихы» пәні оқытушысы Н.А.Утегенова қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

 

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.