10.10.2018 ж күні «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары Конарова Б.Б. және Рахметова М.В. «Жас психолог» үйірмесінің алғашқы отырысын 2бКШО, 2бКШИ, 3БРШО топтарымен өткізді «Жас психолог» үйірмесінің алғашқы отырысында үйірменің мақсаты мен міндеті, жыл бойы атқарылатын жұмыстары жайында айтылды. Алғашқы отырыста «Мы – это много Я» атауында тренинг жүргізілді.Жаттығуларды орындау барысында студенттер бір-бірін жақсы тани түсті, өздерінің жақсы тұстарын айтып, қандай қасиеттермен ерекшеленетінін де атап көрсетті. Әр студент жеке тұлға, өзіндік бір қасиеттерімен ерекшеленетінін түсінді. Барлығымыз әртүрлі адам болсақ та, бізді біріктіреді – бір колледжде оқитынымыз, бір елде және бір қалада тұратынымыз.Жұптық және топтық жұмыстан кейін студенттер мынадай шешімге келді, біз дегеніміз бұл – менің тобым, менің отбасым, менің достарым және ұстаздарымыз.
Үйірмеге қатысушылар «Өрмекші торы» жаттығуын жасауда
«Өзіңе күлкі сыйла»психологиялық сергіту сәті
Алақандар жаттығу және жасалған жұмысты қорғау сәті