14-16 мамыр аралығында «Евразия» туристік лагері базасында облыстық «Айбын» спорттық, әскери-патриоттық жиыны оздырылды. Жиынға 6 аудан, 3 қалалық колледж оқу орындары атсалысты. Жиынның негізгі мақсаты Қарағанды облысы «Спаск» полигонында өтетеін Республикалық «Айбын» жиынына команда жасақтау болып табылады. Жарыс 10 турдан тұрды. Нәтижесінде ең үздік 10 ұл, 5 қыз бала іріктеліп алынды. Соның ішінде Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1а КШФ студенті Айтаханова Эльмира атудан II орын, әскери кросс I орын, жалпы дене жаттығуларынан I орынға ие болып Республикаға жолдама алды.