ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Ашық сабақ "Сызу пәнінен интелектуалдық ойын"

Орал гуманитарлық – техникалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызу пәнінен интелектуалдық ойын

 

 

  

 

 

Өткізген: «Технология және бейнелеу өнері»

кафедрасының оқытушысы Ермеккалиева Э.Х

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014оқу жылы

 

Пәні:

Сызу

Тобы:

КШТ, КШИЧ топтары

Уақыты:

7.12.2013ж  сағ:1000

Тақырыбы:

Сызу пәнінен интеллектуалдық ойын

Құзіреттілікке бағытталған сабақтың мақсат міндеттері:

А) ақпараттық құзіреттілік:

 

Б) Коммуникативтік құзіреттілік:

 

С) Проблеманы шешу құзіреттілігі:

 

Студенттің ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын таным белсендігін арттыру.Ойын барысында көрсетілетін фигуралар жөнінде ақпарат ұсыну.

  Сызу пәні сұрақтарына теориялық тұрғыда  мәдени түрде, сауатты түрде жауап беру. Айналамызда, өмірімізде кездесетін, қолданатын нәрселеріміздің сызбасына көңіл аудара жүруге тәрбиелеу.

Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, осы кеш арқылы шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру. Сызбада кездесетін проблемалы мәселелердің жолын таба білуге үйрету.

Сабақтың түрі:

Жарыс сабақ

Сабақтың әдісі:

Ауызша түсіндіру, белсенді тақтамен жұмыс

Оқыту құралдары:

АКТ

 

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Мұғалімнің қызметі:

Оқушының қызметі:

Күтілетін нәтежие:

 

Амансыздарма құрметті оқытушылар ойынға қатынасушы студенттер!

Амандасады, құралдарын дайындайды.

Сабаққа сақадай сай отыру.

Жарыстың өтілу барысы: Кіріспе сөз.

 

Құрметті қонақтар мен студенттер! «Сызу пәнінен интеллектуалдық ойын» білім сайысына қош келдіңіздер! Білімсіздіктен біреулер ішерге ас, істерге жұмыс таппай жүрсе, білімділер ғаламды таң қалдырып көкке ұшып, көк тіреген ғимараттар тұрғызып, роботтарды адамша сөйлетіп жатқаны бұл күнде ешкімге таңсық емес.

Елімізді басқарып отырған Президентімізден бастап, парламентте отырған депутаттардың 70%-ға жуығы ауылдан шыққан екен. Ал ақын-жазушылар туралы «Ақындар ауылда туып, қалада өледі» деседі. Ендеше талай ғұламаларды туғызған қазақтың қасиетті ауылдарының бірі ретінде білім ордамызда өткелі отырған «Сызу пәнінен интелектуалдық ойын» сайысына қош келдіңіздер!

Армысыздар, ағайын,

Сіздерге жар салайын

Жүлдегері жарыстың,

Үздіктері білімнің

Сахнадан орын алыңыз

Жарысқа қадам басыңыз!

Бүгін біздің ойынымызға колледжіміздің әр тобындағы білімдарстуденттер қатысып отыр. Кәне, солармен таныса кетелік!

Құрметті көрермендер!

Ескерте кететін жайт, қазірде техниканың жақсы дамып жатқаны өздеріңізге мәлім, осы қолда бар техниканың және бағдарламалардың арқасында оқушылардың алған ұпай сандарын жедел есептейтін бағдарлама құрылды. Осы бағдарлама көмегімен ойынның әр айналымының ұпай саны  компьютердегі  бағдарлама көмегімен есептелінетін болады.

 

 

1.     «Блиц – турнир»

2.     Түрлі -  түсті кубтар

3.     Термин сөздерді дұрыс орналастыр.

4.     Шеңберді бөл.

5.     Логикалық ойын тақтасы

6.     Бейнені есте сақтау.

Қорытынды сөз.

Ақылдылар ұзақ өмір сүреді.  Ойлау қабілеттерін анықтауда 1932 жылы  11 жастағы балаларға тест жүргізген Шотландия оқымыстылары осындай 3000 азаматтың өмір жолын бақылай отырып, қорытынды жасаған. Кімде интеллектуалды коэффициент жоғары солар ұзақ өмір сүреді және бұл қасиет ерлерден гөрі әйелдерде жоғары болған. Адамдар өз денсаулықтарына ерекше көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанса, ол ұзақ жасауға әкеледі.

Бүгінгі ойынға қатысушылар!

«Сіздердің білім қорларыңыз кеңейіп, байлықтарыңыз молайды. Білім бұл- барлық уақытта құнын жоймайтын байлық деп бекерге айтылмаған. Оқу инемен құдық қазғандай деген, білім шыңына тек қана талмай ізденген шыға  Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар болып оза шапқан, бүгінгі жарыс ойынының жеңімпазы...... Қол соғып қошемет көрсетіп қояйық.!

Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен – күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей келе бүгінгі сайысымызды 

аяқтаймыз!

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.