ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Ұжымда Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі талқыланды. 

 Бірінші бастама «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша оқытушы М.С.Кабдушева, екінші бастама -«Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» - оқытушы И.Е.Ибат, үшінші бастама - «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»- оқытушы Е.Б.Мажитов, төртінші бастама- «Шағын несие беруді көбейту»- оқытушы Э.Ахатова, және - «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бесінші бастамасы бойынша оқытушы Ж.Жақсыбайұлы талдау жасап, БҚО өңірінде болып жатқан игі істермен байланыстырды. Талдау барысында «Алғашқы әскери дайындық» пәні оқытушысы С.Ғ.Косдаулетов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Косбаева осы ақпараттар туралы өзіндік ой-пікірлерін білдіріп, Елбасының халыққа үндеуі Заманауи Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында өзіндік ерекшелігі бар үндеу екендігін айтты.Әрі қарай жиналыста колледждің ағымдағы мәселелер айтылды. 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.