ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

1 наурыз - Алғыс айту күні

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Содан бері, 1 наурыз - Алғыс айту күні Республика көлемінде биыл үшінші жыл қатарынан аталып өтуде. 

Орал гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері таңмен Арбат бойында «Алғыс айту»  акциясын ұйымдастырып, адамдарға жылулық ұялататын тілектер жазылған құттықтаулар таратты. 

Осы күні колледж дәлізінде оқытушыларға, кіші қызметкерлерге,  студенттерге  4б КДО тобының ұйымдастыруымен алғыс айту шарасы өтті.Топ студенттері колледж фойесінде  мерекеге сай безендірілген «Мың Алғыс ағашына» өз алғыстарын жазуды ұсынды. Колледж оқытушылар мен студенттері өздерінің жақындарына, оқытушыларына, колледж әкімшілігіне алғыстарын білдірді. 

Әрі қарай жиналған қауыммен көңілді сергіту сәтін өткізіп, сыйлыққа «Қызметіңізге алғыс!», «Адалдығыңызға алғыс!», «Благодарим за оптимизм!», «Благодарим за честность!» деген тілектер жазылған алмалар ұсынылды. Шара көтеріңкі күймен көңілді өтті. 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.