ҚР-ның Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесіне және Кеңес Одағының Батыры И.И.Коняхинді еске алуға арналған пневматикалық қарудан ату спортынан қалалық жарыста 1б РШФ тобы студенті Сапов Александр жүлделі І орынды иеленді.
18-20 желтоқсан аралығында самбо күресінен 2000-01ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы БҚО-ның чемпионатындағы 70 келі салмақ дәрежесінде 1б КШК тобы студенті Набиулла Айзада І орынмен марапатталды.
ТжКББ ұйымдарыныңстуденттері арасындағы «Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ» атты сыбайлас жемқорлыққа облыстық сырттай байқауында «Авторлық өлең» номинациясы бойынша 4б КШК тобы студенті Ә.Қайрат ІІІ орын(жет. Қосбаева К.К.), «Қабырға газеті» номинациясы бойынша 4б КШО тобы студенті Н.Қазбек ІІІ орын(жет. Жонкарбаева Ж.Ж.), «Эссе» номинациясы бойынша 4б КШК тобы студенті А.Бақытжан ІІІ орынды(жет.Утегенова Н.А.) иеленді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы Отанды сүю, өз елін, тарихын білу мақсатында 4 курс ұлдары арасында «Арлы жігіт ақылына қарай іс қылар...» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа 7 жігіт - Серік Абылай Амангелдіұлы (4б КШИ), Сарсенов Мирлан Базарбайұлы(4б РШФ), Саламат Ернар Хайроллаұлы(4б КШК), Қайырғали Қажымұрат Ерғазыұлы (4б КШМ), Магзомов Саябек Бағдатұлы(4б КШФ), Қазбек Нұрбек Азаматұлы(4б КШО), Орақов Мұхамедәли Алтынбекұлы(4кб КШФ) қатысты. Сайыс 5 кезеңнен:
1. «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер» - өзін таныстыру;
2. «Тәрбиенің басы салтымызда...» – ескі сөздердің мағынасын ашу,
3. «Балбал бүккен сыр» – қазақтың өлшем бірліктеріне тоқталу;
4. «Кәрі жілік сыр шертеді» – ситуациялық сұрақтарға жауап беру;
5. «Жігітке жеті өнер де аз...» - өз өнерін көрсету болды. Жақсы дайындықпен келген жігіттер қазақ халқының бай ауыз әдебиеті - мақал-мәтелдер, асыл сөздер, қанатты сөзге айналып кеткен ақыл-кеңес сөздер, салт-дәстүр, жөн-жоралғылар бойынша білімдерін көрсетіп, өз ұлтының патриоты екенін дәлелдеп, бақ сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша Е.Х.Саламат-Бас жүлде , Н. А.Қазбек-І орын, С.Б. Магзомов-ІІ орын, М.А.Орақов-ІІІ орын, ал М. Б. Сарсенов пен Қ. Е. Қайырғали «Алғыс хатпен» және шағын сыйлықтармен марапатталды. Сайыс өзіндік тәрбиелік мәнімен оқытушылар мен студенттер көңілінен шықты.