Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ТжКББ оқу орындарының инженер-педагог ұжымы мен студенттерінің туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының және Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттау, колледж жетістіктерін паш ету, озық іс-тәжірибелерін тарату, өскелең жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледж базасында «Рухани жаңғыру-болашақтың кепілі» атты фестиваль өтті.
Фестиваль екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – «Рухани қазына – рухани жаңғыру» тақырыбында үздік мұражай немесе үздік бұрыштама байқауы.
Екінші кезең - «Туған жерім-түп қазынам, байлығым» концерттік бағдарлама.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.К.Косбаеваның ұйымдастыруымен құрылған концерттік бағдарламада «Жайық ұлыларының үндесуі» тақырыбындағы көрініс, оқытушылар мен студенттерден құрылған хор, «Жайық толқыны» фольклорлық және қобызшылар ансамбльдері, этнос өкілдерінің шеруі, «Дене тәрбиесі мен спорт» мамандығының әр түрлі спорт түрінен жүлдегер спортшыларының флешмобы, колледж жанынан ашылған шағын орталық бүлдіршіндері де атсалыса қатысып, тақпақ айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Концертте «Музыка пәні мұғалімі», «Қоғамдық пәндер» мамандықтарының пән оқытушылары мен студенттері үлкен белсенділік танытты.