20 маусым 2017 жылы Орал гуманитарлық-техникалық колледжі түлектерінің бітіру кеші өтті. Он мамандық бойынша 138 түлек жас маман атанып, техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға ие болды. Кешті колледж құрылтайшысы, п.ғ.д. Ш.Х.Құрманалина ашып, 17 түлекке үздік дипломдарды табыс етті.