28.04. күні «Тілашар» үйірмесі мен музыка кафедрасымен «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» атты 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған шара оздырылды. Музыка кафедрасы өзінің айлық есебін ұсынды. Шараның мақсаты:халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достыққарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. 1а КШР, 1бРШО,РШИ, 2бКШФ және музыка кафедраның студенттері бейбітшілік, достық пен бірлікке арналған өлеңдер мен әндер орындады.