Студенттерге наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы халқымыздың салт – дәстүрін, әдет — ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-4 курс аралығында наурыз тақырыбына арналған шаралар оздырылып, «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты шарамен қорытындыланды.
Наурыз –– біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.
«Жаңбырсыз жер көгермес, батасыз ел көгермес» дегендей, Наурыз мерекесіне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты шараны бастамас бұрын колледждің стратегиялық даму және ішкі істер жөніндегі директоры Жетібай Жолдасовичқа наурыз батасын берді.
Одан кейін математика және дене шынықтыру кафедраларының ұйымдастыруымен қазақша күрес, асық ату, гір тасын көтеру, арқан тарту сияқты қазақтың ұлттық ойындары ойналды. Ендігі кезекте қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді: қазақ тілі кафедрасы «Қыз ұзату», қоғамдық пәндер және жаратылыстану кафедрасы «Келін түсіру», шетел тілі кафедрасы «Бесікке салу», педагогика және психология пәні кафедрасы «Тұсау кесу» рәсімдерін сахналады.
Колледждің кіші қызметкерлері де Ұлыстың Ұлы күні наурызға дәлізде дастархан жайып, оқытушыларға мерекелік тілектерін айтты.