ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

3б КШО студенттері Жұбан Молдағалиев атындағы қалалық кітапханада өткен «Қош келдің - Наурыз» атты шараға қатысты

16.03.17. Орал гуманитарлық – техникалық колледжінің 3б КШО студенттері Жұбан Молдағалиев атындағы қалалық кітапханада өткен «Қош келдің - Наурыз» атты шараға қатысты. Шараға колледж студенттерімен бірге балалар үйінің бір топ балалары да шақырылған. Кеш өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әжелер шашу шашты. Шара барысында түрлі қазақ халқының салт –дәстүрлері, ойындары және ырымдары көрсетілді.Ойынға қатысқан балалар сыйлықтармен марапатталып отырды. Атап айтсақ, асық ойыны, арқан тарту, күш сынасу тағы сол сияқты бір аяқпен иық түйістіру т.т.

Кеште түрлі әндер шырқалып, мың бұралған би де өз орнын тапты. Қазақ халқының қонақжайлылығыда көрсетіліп, көрермендерге бауырсақ үлестіріліп, тайқазаннан көже де құйылып таратылды. Шара соңында қазақтың әндерің кеш қонақтары караокомен ортаға шығып айтумен өз мәресіне жетті. Кештен үлкен әсер алдық. Ұйымдастырушыларға көп- көп рахмет айтып, алғысымызды білдірдік.

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.