14.03.17.Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы айлығы барысында оқытушы: Иштаева Ф.К 2бКШИ тобымен облыстық «Табиғат және экология» мұражайына барды.
Мақсаты: Колледж студенттеріне Орал өңірінде болған және жойылып кеткен, қызыл кітапқа енген құстар мен жан-жануарлар түрлерімен таныстыру.
Студенттердің мұражайдан алған әсерлеріне айтып тоқталатын болсақ өте керемет десек болады. Олар мұражайдан тасқа айналған ағашты және Қарашығанақ кентінен өндірілетін түрлі мұнай өнімдері түрлерімен де танысты. Сонымен қатар ерекше әсер қалдырған түлкі, қасқыр және түрлі аңдар мен бұғының макеттері. Балықтардың да біршама түрлерімен танысып, мамонттың мүйізіне де ерекше қызығушылық танытты. Жабайы қабанның макеттеріне де аса мән беріп, қызыл кітапқа енген құстар мен жануарлардың біздің өңірде кездеспейтін түрлерін көрді. Атап айтсақ ерекше ұнаған құстар қара аққу, ақ үкі, қызғылт фламинго және көбелектердің түрлері. Біздің эрамызға дейінгі өмір сүрген жануарлардың түрлері студенттерге ерекше сезім сыйлады.
Қорытынды: Осындай саяхат сабақтар студенттерге өз өңірінің табиғаты мен экологиясын қорғауға көптеген септігін тигізеді деп ойлаймын.