28 ақпан күні колледждің 1-2 курс студенттері Абай бөлімінің полиция қызметкері Темиртасов Мейірбек Кайрович, полиция инспекторы Найзабекова Әсем Нұрболатқызы және Орал гуманитарлық-техникалық колледжіне бекітілген жергілілкті полиция қызметкері, полиция лейтенанты Сандибеков Талаптан Кабибуллиевичпен кездесті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы, әлеуметтік желілердегі суицидке итермелейтін түрлі сайттардан аулақ болу керектігі, түнгі клубтарда, ойын-сауық орындарында немесе басқа да жерлерде түнгі 11-ден кейін жүруге болмайтындығын, ондай жағдайда әкімшілік кодексінің №127 бабы бойынша ата-аналары жауапқа тартылатындығы туралы ескертті. Кездесу соңында студенттер полиция қызметкерлеріне өздерін толғандырып жүрген сауалдарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.