Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж инспекторының қатысуымен профилактикалық түсіндіру шарасы өткізілді.
Шара барысында студенттерге қоғамдық тәртіпті сақтау, кешкі уақытта белгіленген уақыттан тыс көшеде жүрмеу, өзімен бірге кесетін және тесетін құралдарды алып жүрмеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар пәтер жалдап тұратын студенттерге тұрғын үйде ішімдік ішуге, рұқсатсыз кештер ұйымдастыруға жол берілмейтіні ескертілді. Құмар ойындардың зияны, интернет кеңістігінде балағат сөздер мен әдепсіз мазмұндағы жазбаларды жариялаудың құқықтық жауапкершілігі туралы айтылды.
Есірткі және синтетикалық есірткі заттарын сақтау, тасымалдау мен таратудың адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сондай-ақ ер балаларға төбелеске қатыспау, өзге адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу, жанжалдың алдын алу және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.
Басты мақсат – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз, тәртіпті әрі жауапты жастар ортасын қалыптастыру.









































