📖 6 қараша күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз!» акциясына қатысты. Іс-шара барысында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж. Отарбай акцияның мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, кітап оқудың тұлға қалыптастырудағы, білім мен рухани дүниені байытудағы рөлін түсіндірді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жаннұр Берікқызы студенттерге ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған ауқымды әдеби акцияның мән-маңызын таныстырды. Студенттер ұлы ұстаздың «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» шығармаларын оқып, тағылымды туындылардың тәрбиелік мәніне үңілді.
Сонымен қатар қатысушылар Астана қаласынан ұйымдастырылған тікелей эфирге қосылып, республикалық әдеби акцияның ортақ рухани бастамасына үн қосты.
📚 Кітап оқу – тек білім алу емес, ой-өрісті кеңейту, рухани кемелдену және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
#КітапОқитынҰлт #БіргеОқиық #Оқитын Астана #ЫбырайАлтынсарин185жыл #ОралГуманитарлықТехникалықКолледжі






































