Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің әкімшілігі мен студенттері атынан оқу-жаттығу кезінде Маңғыстау облысы Каспий теңізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Бұл қайғылы оқиға қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындары, қызметтес жолдастары және оларды таныған барша жан үшін орны толмас қаза болды. Олар өздерінің әскери борышын абыроймен атқарып жүріп, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өмірлерін қиды.
Осы ауыр күндері біз қаза болғандардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасамыз. Оларға осы ауыр сынақты еңсеруге күш-қуат, сабыр мен рухани төзімділік тілейміз.
Қаза тапқан әскери қызметшілердің жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде сақталады. Олардың ерлігі мен Отан алдындағы борышына адалдығы ешқашан ұмытылмайды.
Құрметпен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің әкімшілігі мен студенттері
қайғыларыңызға ортақтасып көңіл білдіреміз.





































