3-10 қыркүйек аралығнда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледжіміздің 1 курс студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге Орал ПБ Абай ПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ, полиция аға лейтенанты Хабибуллиева Мейрамгүл Нұрғалиевна қатысып, студенттермен танысып, маңызды ақпараттармен бөлісті.
🔹 Құқықтық сауаттылық;
🔹 Колледждің ішкі тәртіп ережелері;
🔹 Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері;
🔹 Құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мұндай кездесулер – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, заңды құрметтеуге, жауапкершілікпен әрекет етуге және саналы азамат болуға бағыт береді. Бүгінгі күні белең алып отырған буллинг, лудоман, есірткі тасымалы, вейп мәселелері туралы толық ақпарат берілді.
📚 Заңды білу – өз құқығыңды қорғау.








































