ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

5 -ші ақпан күні колледжде кезекті “Заң мен тәртіп”тұжырымдамасы аясында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды

25 -ші ақпан күні колледжде кезекті “Заң мен тәртіп”тұжырымдамасы аясында қоғамдағы өзекті мәселелерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара барысында қазіргі қоғамда жиі кездесетін өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, сталкинг, зорлық-зомбылық, буллинг, интернет алаяқтық, бопсалау, сондай-ақ қорқытып ақша талап ету сияқты әрекеттердің құқықтық салдары мен олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Мамандар аталған құқық бұзушылықтардың түрлеріне нақты мысалдар келтіріп, мұндай жағдайларда қандай қадамдар жасау керектігі жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, кездесуде жеке қауіпсіздікті сақтау, интернет кеңістігінде сақ болу, күмәнді әрекеттерге дер кезінде жауап беру және құқық қорғау органдарына жүгінудің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Аталған ақпараттық кездесу құқықтық мәдениетті нығайтуға, қоғамда заңға деген құрметті арттыруға және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Осындай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.