ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

Жол қауіпсіздігі – өмір қауіпсіздігі!

1аКШМ тобында «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Тәрбие сағаты 10 минуттық қауіпсіздік сағатымен басталды. Кураторлық сағат барысында білім алушылар жолда жүру ережелерімен танысып, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған қауіпсіздік талаптарын талқылады. Студенттер түрлі жағдайларды мысалға ала отырып, өз ойларымен бөлісіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, жол белгілерінің маңызы мен оларды дұрыс қолдану туралы білімдерін нығайтты. Кураторы кәмелет жасқа толмағандардың көлік жүргізуге болмайтынын сонымен қатар қазіргі уақытта барлығы қызығатын мотоциклдің бір түрі скутерді айдауға тиым салынатынын ескертті. Әр адам өз қауіпсіздігі үшін жол ережесін қатаң сақтап, жүргізушілерге де кедергі келтірмеудің жолдары түсіндірілді. 🔹 Жол ережесін сақтау – әр адамның міндеті 🔹 Қауіпсіздік – бәрінен маңызды
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.