“Таза Қазақстан” акциясы – еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл акция қоғамдағы әрбір азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Осы орайда 19 қыркүйек күні Орал гуманитарлық-техникалық колледж студенттері «World Clean Up Day» бүкіл әлемдік экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Планета» және «EcoBattle» сайысына белсенді қатысты. Табиғатты аялау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.