Жуырда Орал гуманитарлық- техникалық колледжінде жұмысшы мамандықтар жылына орай «WORDSKILLS KAZAKHSTAN -25» колледжішілік чемпионаты өтті.
Мақсаты жастар арасында мамандықтарды насихаттау, жұмыс кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейді. Чемпионат «Бастауыш білім беру мұғалімі» құзіреттілігі бойынша ұйымдастырылды. Чемпионатқа 3-4 курс студенттерінен 7 студент қатысты. Байқау 3 модульден тұрды. Модуль А – сабақ жоспарын жасақтау, Модуль В – ата-аналар жиналысын дайындау, Модуль С – жоба қорғау. Қатысушылар аталған модульдер бойынша тапсырмалар орындады. Байқауды колледж құрылтайшысы профессор Ш.Х.Курманалина, эксперт-оқытушылар бағалады. Байқау қорытындысы бойынша І орын- А.Лапкина, ІІ орын- Ж.Амангелді, ІІІ орын- Р.Рашит, қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.