2025 жылдың 28 ақпан күні «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай Орал Жоғары гуманитарлық- экономикалық колледжі базасында «BabySkills» чемпионаты өтті. Чемпионатқа «Дене тәрбиесі және спорт», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» құзіреттіліктері бойынша 4 студент қатысты.
Байқау қорытындысында «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігінен 3аКШФ, 3абКШФ студенттері Досқазы А- І орын, Балтабек Б.- ІІІ орын, «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» құзіреттіліктері бойынша 4аРДО топ студенті Елизарова А-ІІІ орынды қаңжылады. Студенттерді дайындаған педагогтар «AZIM» бөбекжай менгерушісі Г.Г.Қайырғалиева, №47 «Жігер» бөбекжай әдіскері Т.И.Хлюстова, колледж педагогтары Т.У.Маденова, А.Б.Кужахметова, Қ.А.Мақсот, З.А.Курмангазиев, әдіскер М.С.Нурмукашоваларға ризашылығымызды білдіреміз.