«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру, «Әділ заң-аспан тірегі» апта дәйексөздері аясында 2аРШО тобында қаңтарда айында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Куратор Шотова Г.С. Мақсаты: Интернетте қауіпсіз іс-әрекет дағдыларын дамыту, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту және цифрлық сауаттылықты арттыру.
Тәрбие сағаты интернет дегеніміз не? сұрақ талдаудан басталды. Шабаева Кристина, Шапошникова Людмила, Юсупова Гүлназ студенттері интернеттегі қауіптерді қарастырды: кибербуллинг (қорлау), интернет-алаяқтық (жалған сайттар, фишинг), вирустар мен зиянды бағдарламалар, құпиялылықты бұзу (жеке деректердің жариялауы), орынсыз контент (ересек немесе зиянды контент). Интернеттегі өзіңізді және деректеріңізді қалай қорғау керектігі туралы әңгіме жүргізілді. Қауіпсіздік ережелерін бекіту мақсатында «Дұрыс па, дұрыс емес пе?» ойыны ойналды. Студенттер қауіпсіз немесе қауіпсіз емес пе деп жауап беруге жағдаяттар ұсынылды (мысалы, «Құпия сөзді досыңа айт», «Басу алдында сілтемені тексеріңіз» және т.б.).Интернеттегі қауіпсіз іс-әрекет туралы презентация көрсетіліп, талдау жасалды. Тәрбие сағатының соңында студенттер интернеттегі қауіпсіз іс-әрекет туралы мысалдарын келтірді.