Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде оқу-әдістемелік жұмысы жоспарына сәйкес «Заманауи педагог: озық тәжірибе, инновациялар» атты тәжірибелі педагогтар және колледж түлектерімен тәжірибе алмасу алаңы өтті.
Мақсаты - заманауи сабақ жүргізу және тәрбие бағыттарын іздеу, колледж түлектерімен ынтымақтастықты дамыту, педагогтар арасында тәжірибе алмасу.
Шараға колледждің 2011, 2014, 2016, 2018, 2021 жылғы түлектері мен колледж тәжірибелі педагогтары қатысты. Шара барысында түлектер мен педагогтар тәжірибелерімен алмасып, «Пути использования активных методов на уроках русского языка» (Джамбаева А.Б.), «Дарынды студенттермен жұмыс жүргізу жолдары» (Шотова Г.С.), «Педагогтың іс-шараларында заманауи әдістерді қолдану – кәсіби өсуінің көрсеткіші» (Спашева Н.Г.), «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» (Утегенова Н.А.), колледж түлектері: Шевчук А.Б.«Современный подход к физическому воспитанию», Темирланов А.М. «Индивидуальные командные действия в играх»,Урашева А.Ж., Давлеткалиева Д А.«Boosting Reading skills in English lesson», Кармысов А.А. «Жас маманнан- тәжірибелі ұстазға қадам», «Бөбекжайда экологиялық мәдениеттіқалыптастырудың заманауи тәсілдері» Амангалиева А.Ә. тақырыптары бойынша бөлісті. Қатысушылар заманауи әдіс- тәсілдер арқылы сапалы сабақ жүргізу түрлерімен танысты.