Орал гумнитарлық-техникалық колледжінде 27.01-08.02 аралығында оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес «Жаңа педагогикалық техногияларды оқу үрдісінде жүйелі қолдану жолдары» мақсатында «Сабақ FEST» атты ашық сабақтар фестивалі өтуде. Мақсаты: оқу үдірісінде жаңа ақпаратты технологияларды енгізу, қолдану, тәжірибе алмасу және дәріптеу, педагогтердің кәсіби әлеуетін ашу және оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын, әдістерін немесе құралдарын көрсету.
Фестивль шымылдығын педагогика, психология пәні оқытушысы Сралиева В.А. «Ес. Балалардың есті сақтау қабілетін дамыту» тақырыбында 2аб КШИ тобымен ашты. Сабақ мақсаты: балалардың есте сақтауын дамыта отырып, студенттерге есте сақтау түсінігі, түрлері, есте сақтау процестерімен таныстыру, есін дамыту жолдары туралы ақпарат беру, логикалық операцияларды қолдана отырып ақпараттарды өңдеу. Сабақ барысында тренингтер арқылы қызығушылық оятып, жағдаяттар, ойын түрлері арқылы тақырып бекітілді. Сабаққа қатысқан оқытушылар әріптесіне ризашылықтарын білідіріп, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.