4-ші желтоқсан күні Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Жарқын жастық - баянды болашақ” тақырыбында Орал гуманитарлық - техникалық колледжінің студенттері танымал спортшылармен кездесу өткізді.
Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуге Самбодан әлем чемпионы, Азия чемпионы және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Дзюдо және самбодан спорт шебері Серіков Нұрбол Нәсіпкерейұлы және Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Қабдолов Армат қатысты.
Студенттермен кездесу барысында спортшылар өздерінің жетістіктері, спорт жолындағы сынақтары, тартысты додаларға дайындықтары мен қызықты естеліктері туралы бөлісті. Сонымен қатар құқықбұзушылықтан, жаман қылықтардан аулақ болып бос уақыттарын спортқа немесе өздеріне қызықты істермен айналысуға шақырды.