«Орал гуманитарлық-техникалық колледжі» мекемесіне 01140500 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына, 4S01140501 «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» біліктілігіне түсетін талапкерлердің дене және қозғалыс дайындығы шығармашылық қабылдау емтиханында жеңіл атлетика және гимнастикадан спорттық жаттығуларды орындау нәтижелері бойынша бағаланды.
Жеңіл атлетикалық тесттер: жүгіру, тұрған орнынан ұзындыққа секіру.
Гимнастика бойынша емтихан бағдарламасы келесі жаттығуларды қамтиды:
гимнастикалық кіші ағаш аттан секіру (ағаш аттан), тартылу (ұлдар), арқада жатып кеудесін көтеру (қыздар), акробатика (акробатикалық еркін жаттығуларды орындау).
{youtube}ZGRsVon-qDk{/youtube}