Дене шынықтыру пәнінен шығармашылық қабылдау емтиханы оқу процесінде спорттық-педагогикалық пәндердің бағдарламалық материалын табысты меңгеру үшін қажетті талапкерлердің дене және қозғалыс дайындығының деңгейін анықтауға арналған. Негізгі талап - мектеп бағдарламасына енгізілген жаттығулардың нәтижелері бойынша бағаланатын талапкерлердің жан-жақты дене және қозғалыс дайындығы. Мұндай жаттығулар жеңіл атлетика, гимнастика бойынша сынақтар болып табылады.