ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!
ОРАЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Біз үйренуге, үйретуге және жасауға үйретеміз!

«Білім берудегі жасанды интеллект: қазіргі тенденциялар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2024 жылдың 29 сәуірінде БҚО ББ білім беруді дамыту орталығы мен Орал гуманитарлық- техникалық колледжі ұйымдастыруымен педагогтер және студенттерге арналған қашықтан «Білім берудегі жасанды интеллект: қазіргі тенденциялар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция мақсаты: қазіргі әлемде білім дамыту бағыттарын іздеу, жасанды интеллект түрлері арқылы білім сапасын арттыру, аймақаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, педагогтар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу. Конференцияның негізгі бағыттары: 1.Арнайы пәндерін оқытудағы инновациялық әдістер: дәстүрлі оқытудан цифрлық әлемге, 2.Жалпы білім берудегі  цифрлық технологиялар және жасанды интеллект Конференцияға  Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының педагогтары мен студенттері қатысты. Конференция жұмысы екі секцияға бөлініп, 1-секция – Аманбаева Актоты Аманбаевна, 2-секция –  Алтаякова Айнагуль Насимуллиновна жүргізді. Конференцияға 170-ке жуық студенттер мен педагогтар қатысты. Сарапшылар Ералиева Айгерим Ортабековна - №49 ЖОББМ физика және информатика мұғалімі, педагогика  мен психология магистрі, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы, физика, информатика пәндері мұғалімі, педагог-зерттеуші және Муканова Айгуль Даулеткалиевна - Махамбет Өтемісов ат. БҚУ, мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ оқытушысы, магистр конференция жұмысына қатысып, сұрақтар қойып және пікірлерімен бөлісіп отырды. Конференцияға қатысушылар шараның жоғары деңгейде өткені туралы ой бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

[photo_gallery style="2" source="directory: images/2024/08" small="2"]

 

Designed by TORUS.KZ

Please publish modules in offcanvas position.