20 желтоқсанда Батыс Қазақстан полиция басқармасына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері келіп, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде жоғары оқу орнының қалыптасу және даму тарихы, оқуға қабылдау ережелері, нормативтік құжаттар мен дене шынықтыру нормативтері туралы жан-жақты баяндалды. Сондай-ақ студенттерге әкімшілік ғимараты мен бейнебақылау кабинеті бойынша экскурсия ұйымдастырылып, студенттер өкілдерге сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.
[photo_gallery style="2" source="directory: images/news/06" small="3"]