17 қараша күні Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде Асық ату челленджі өтті.
Шараның мақсаты: қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық ойыны «Асық ату» ойынын жаңғырту.
Ойын барысында студенттер ойынның шығу тарихы мен ережелерімен танысты, «Бес асық», «Бес табан» ойынының элементтері мен тәсілдерін орындауды үйренді, ептілік пен дәлдік дағдыларын меңгерді. Асық ату ойынына колледж әкімшілігі, оқытушылар, ата-аналар және 1-4 курс студенттері қатысты.