Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде өтіп жатқан «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні апталығы жоспарына сай, М.Горький атындағы қалалық кітапхана әдіскерлері Г.С.Изгалиева мен А.И. Кшимованың ұйымдастырумен «Мұрағаттар сыр шертеді» айдарымен «Газет – халықтың көзі, һәм құлағы» тақырыбында танымдық сағат оздырылды.
Шара барысында кітапхана әдіскерлері маңдайына қазақтың ақбоз үйін мөртаңба етіп басқан ұлт үні «Қазақ» газеті және оны ұйымдастырушы, алаштың алып ұлы А.Байтұрсынұлы туралы тың мәліметтерге тоқталып, көрме жасақтады. Студенттер тек мәліметтер алып қоймай, тарихы тереңге кеткен үнпарақ туралы өз ойларымен бөлісіп, саф алтын¬дай қазынаның қадірін түсінді. Шараға пән оқытушыларымен қатар, колледж әдіскері М.С.Нурмукашева қатысты.
{youtube}LFiiTwG05Ew{/youtube}