13 қыркүйек күні 1аРШО, 1бРШО топтарында «Тәрбиедегі отбасының рөлі» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Топ жетекшісі Г.С.Шотова студенттерді отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас пен және қарым-қатынас сипатымен, отбасылық қарым-қатынас түрлерімен таныстырды. Студенттермен бірлесе отырып, ата-аналардың тәрбиелік мүмкіндіктерімен анықталатын факторлар талданды. Бала тәрбиесіне кері әсер ететін ата-ана құзырының түрлерімен танысты. Студенттердің әрқайсысы фотосуреттерді көрсету арқылы отбасы мүшелерін таныстырды. Шығармашылық жұмыс жүргізілді, студенттер отбасы эмблемасын салып, «отбасы» сөзіне байланысты сын есімдер құрастырды. Тәрбие сағаты соңында «Менің отбасымның дәстүрлері» ойыны ойнатылды. Студенттер бір-біріне доп лақтырып, отбасылық дәстүрлері туралы әңгімеледі. Тәрбие сағаты рефлексиямен аяқталды, онда студенттер алған әсерлерімен және жаңа алған білгендерімен бөлісті.