13 қыркүйек күні колледж ұжымына, педагогтар мен кіші қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Отарбай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты, Әдеп Кодексін, Академиялық адалдық саясатының тармақтарын ашып түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Колледждегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жоспарлы ұйымдастырылатын шараларды таныстырды.